Оқиға Ақтауда 28А шағынауданында орналасқан №4 үйде болған.
Желіде ішіне пышақ сұғып, терезеден секірген ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға Ақтауда 28А шағынауданында орналасқан №4 үйде болған.
Ер адам секірер алдында "мен мұндай қылмысты істеген жоқпын" деп өзіне пышақ сұғады. Ол төртінші қабаттан секіріп, мерт болды.
"Өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция департаменті.
Олар барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын баса айтты.