$ 494.87  520.65  4.91

ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцина туралы мәлімдеме жасады

MVA-BN вакцинасын 18 жастан асқандар араға 1 ай салып, екі дозада инъекция түрінде алуына болады. 

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Даниялық өндіруші Bavarian Nordic A/S компаниясы маймыл шешегіне қарсы MVA-BN вакцинасын жасап шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталмыш вакцинаны мақұлдап, маймыл шешегіне қарсы алғашқы ем деп атады. 

MVA-BN вакцинасын 18 жастан асқандар араға 1 ай салып, екі дозада инъекция түрінде алуына болады. 

Бұл вакцина аурудың таралуын тежеп, алдын алады дейді.

Бұған дейін ДДСҰ Африкадағы маймыл шешегінің індетін халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық эпидемиологиялық төтенше жағдай деп жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары