16.09.2024, 11:40

«Қаңтардан бері айлық алмадық»: «Ақжайық» футболшылары Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған

Қаржылық мәселеге шешілмеуіне байланысты «Ақжайықтың» ертеңгі тағдыры бізді алаңдатып отыр.

«Ақжайық» футбол клубының президенті Гүлдария Бекенқызы және клуб қызметкерлері, футболшылар Мемлекет басшысына үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев! Ақжайық» футбол клубы Батыс Қазақстанда орналасқан жалғыз ғана кәсіби клуб. Қазіргі таңда негізгі құрамның ойыншылары, сонымен қатар көптеген жастар және жасөспірім футболшылар бар. Бүгінде қаржылық қиындыққа тап болған клубтың мәселесін облыс көлемінде облыс басшысы Нариман Төреғалиевтің, спорт басқармасының қабылдауында болсақ та, қаржылық мәселеге шешілмеуіне байланысты «Ақжайықтың» ертеңгі тағдыры бізді алаңдатып отыр. Бұл деген Ақжайық қызметкерлері 9 айдан бері жалақысын ала алмай, жұмысымызға үлкен кедергі болды», – деді ФК басшысы. 

«Ақжайық» футбол клубы – мемлекеттік тапсырысты орындайтын жалғыз мекеме. Мемлекеттік сатып алу мәселесі әлі шешілмеген. Сол себепті клуб басшысы ата-аналардың, футболшылардың, қызметкерлердің атынан үндеу жолдады. Ал оның сөзін әріптестері қолдай жөнелді.

«Құрметті Президент, бізге көңіл аударуыңызды сұраймыз! Қаңтардан бері айлық ала алмай жүрміз», – деді «Ақжайық» футбол командасының мүшелері.