$ 494.95  525.49  5.05

Елдос Сметов Олимпиадада неліктен намыстанғанын айтты

Талай елде болдым, әлемді ұттым, үш Олимпиадада жүлде алдым.

Фото: yeldos60kg инстаграм парақшасынан
Фото: yeldos60kg инстаграм парақшасынан

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ағылшын тілін білмегені үшін намыстанғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы бұл туралы «Қызық Times» бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтып берді. Енді ол ағылшын тілін меңгеруді жоспарлап отыр.

«Осы Олимпиадада ағылшын тілін білмеуім қатты намысыма тиді. Енді осы бір дүниені қолға алсам деп отырмын. Такатодан бөлек, бүкіл әлемде қарсыластарым, достарым бар. Олармен тілдесейін десем, ойымды емін-еркін жеткізе алмаймын. Осыған дейін оларды түсіне алмайтынмын. Соның өзінде бұл мәселе мені аса бір алаңдатпайтын. Олимпиада ойындарын ұтқан соң кешке гала-ас ұйымдастырылып, осы жиынға басшылық пен Олимпиада чемпиондары жиналды. Бәрі келіп құттықтап жатыр. «Congratulations» (құттықтаймын) деген жерін ғана түсініп, «thank you» (рақмет) деп қоямын. Сөйлеп жатыр, бірдеңелерді айтып жатыр, мен қарап тұрдым да, түсінбегеніме қатты намыстандым. Арасында «legend» дегенді түсініп, оған да рақметімді айтамын, болды, басқа ештеңе түсінбеймін. Түр жасап алып, рақметімді жеткіземін, бірақ не айтып тұрғанын мүлде түсініп тұрған жоқпын. Мақтап жатқанын ғана сезіп тұрмын. Сол кезде талай жарысқа бардым, талай елде болдым, әлемді ұттым, үш Олимпиадада жүлде алдым, неге осы уақытқа дейін үйреніп, жаттап алмағанмын деп өзіме ызам келді. Енді алдыма бірінші қойған мақсатым – ағылшын тілін үйрену», – деді Елдос Сметов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары