$ 488.26  530.54  5.03

Сұранысқа ие 10 кітап: Оқырман қазақстандық жазушылардың қандай шығармаларын жиі оқиды?

Бұл кітапта белгілі журналист Бейсен Құранбектің болмысына талдау жасалған. Оның өмірінен мысалдар келтіре отырып, авторлар логотерапевтикалық психологияны жан-жақты түсіндіруге тырысады. Естеріңізге сала кетейік, Бейсен Құранбек 2020 жылы қайтыс болды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Meloman сауда желісінің сарапшылары қазақ тіліндегі ең көп сатылатын 10 кітапты атады. Сарапшылар қазақ әдебиетіне сұраныс қашанда болатынын айтады. Ал мемлекеттік тілде жазылған жаңа әрі қызықты кітаптар сатылымға шыққан сайын сатып алушылардың қызығушылығы артады. «Меломан» сонымен қатар классикалық қазақ әдебиетінің шығармалары ең көп сатылатын 20 кітаптың қатарына жиі енетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақ тіліндегі ең көп сатылатын кітаптардың тізімін Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» бастап тұр. Атап өтсек, әйгілі туынды өткен жылы Қазақстанда ең көп сатылған кітап болды.

Кітаптың жазылғанына ғасырдан астам уақыт өтсе де, өзектілігін жоғалтпайды.

Қайрат Жолдыбайұлының тізімдегі екінші кітабы – «Кемел адам».

Бұл кітапта автор жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқырманды «идеалды адам» болуға шақырады.

Тізімдегі келесі кітап – Санжар Керімбай мен Абзал Құспанның «Бейсен және болмыс» шығармасы.

Бұл кітапта белгілі журналист Бейсен Құранбектің болмысына талдау жасалған. Оның өмірінен мысалдар келтіре отырып, авторлар логотерапевтикалық психологияны жан-жақты түсіндіруге тырысады. Естеріңізге сала кетейік, Бейсен Құранбек 2020 жылы қайтыс болды.

Келесі сұраныс Дулат Исабековтің «Гауһар тас» кітабы болды.

1975 жылы Дулат Исабеков жас жауынгер кезінде «Гауһар тас» деген әсем әнді естіген. Бибігүл Төлегенованың қойылымы туған жерге деген мұңды оятты. Және бұл жаңа шығарма жазуға себеп болды.

Кейін кітап шықты. Онда қыздың тағдыры, ауыл тіршілігі баяндалады.

Сондай-ақ қазақстандықтар арасында Бақытжан Бұқарбайдың «Іскер қалам өмір туралы» кітабы да сұранысқа ие.

Жазушы бұл кітапта Марғұлан Сейсембайдың өмірдегі, бизнестегі ең елеулі тәжірибесін жүйелеп, жинақтап, оқырман назарына ұсынады.

Меломан желісінің мәліметінше, қазақ тіліндегі «Сәлем, Алматы!» кітабы да сұранысқа ие.

Кітап авторлары Гүлнәр Наурызбай мен Сима Омарқұлова бір мұқабаның астына нағыз алматылық дәмнің інжу-маржандарын жинаса, суретші Катя Болатова оқырманға қала атмосферасына еніп, мәселені тауып, шешуге көмектесетін визуалды координаттар жүйесін іске асырған. Ал кітаптың  әр бетінде жаңа жұмба бар.

Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» кітабын қазақстандықтар да белсенді түрде сатып алуда.

Әңгіме, бір қарағанда, соғыстан кейінгі ұрпақтың қасіретін бейнелейтін шығарма болса, екінші жағынан, бізді адамдар жан дүниесіне терең үңілуге шақырады.

Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы» да ең танымал кітаптардың тізіміне енген.

Қазақстанның Халық Қаһарманы соғыс аяқталғаннан кейін шығармашылықпен айналысты. Оның балалық шағы туралы «Ұшқан ұя» әңгімесі осылай жарық көрді.

Үздік ондыққа Дулат Исабековтың «Қарғын» атты тағы бір кітабын таба аласыз.

Қазақстандықтар Дінмұхамед Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабын да сатып алады.

Дінмұхамед Қонаев көзі тірісінде 1992 жылы жазған «Өтті дәурен осылай» атты естелік-эссесін қайта өңдеп, толықтырулар енгізіп, кітаптың атауын «Ақиқаттан аттауға болмайды» деп өзгертті.

Кітапта Сталиннің, Маленковтың, Булганиннің, Хрущевтің, Косыгиннің, Брежневтің, Андроповтың, тіпті Горбачевтің өмірінен аз белгілі фактілер жазылған, Қазақстанның елу жылдық экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуы егжей-тегжейлі баяндалған. Қонаевтың ұлттық сана, әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы ой-пікірлері де осы аталмыш кітапқа топтастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары