$ 494.87  520.65  4.91

«Төреші басқа елден болады»: Қырғыз көкпаршылары қазақтарды қарымта кездесуге шақырды

Бұл ақпарат Sputnik Қырғызстан агентігінің телеграм арнасында жарияланды. 

Фото: Қанат Байұзақ
Фото: Қанат Байұзақ

Қырғызстанның Көк бөрі федерациясы 1 қарашада Ыстықкөл жағасында Келісім кубогын өткізуге шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл ақпарат Sputnik Қырғызстан агентігінің телеграм арнасында жарияланды. 

«Біз 1 қарашада сол құраммен көкпар мен көк бөрі ойынын өткізуді ұсынамыз. Бұл – спорт. Ойын екі халық арасындағы алауыздыққа себеп болмауы керек. Екі елдің татулығы үшін біз жеке амбициямыздан бас тартуға дайынбыз. Судья басқа мемлекеттен болады», - деді Көкбөрі федерациясының басшысы Рамис Джунусалиев.

Айта кетейік, бұған дейінгі Көшпенділер ойындарында қазақ пен қырғыз құрамасының арасында өткен көкпар ойыны дау-дамаймен аяқталған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары