$ 494.87  520.65  4.91

Министрлікті сотқа берген алматылық түлектердің барлығы білім грантын иеленді

Қазіргі таңда Астана қаласының әкімшілік сотында белсенді тек бір іс қарастырылып жатыр.

Фото: tttu.edu.kz
Фото: tttu.edu.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан жоғары балл алып, грантқа ілікпеген студенттердің арызына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бірінші азаматтың арызы соттың шешімімен бірден қайтарылды. Себебі талапкер мемлекеттік гранттың иесі. Жалпы іс өз-өзімен тоқтатылды. Қазіргі таңда Астана қаласының әкімшілік сотында белсенді тек бір іс қарастырылып жатыр. 19 қыркүйек күні соттың бірінші отырысы өтеді. Алайда сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің және мемлекеттің грантын алған. Енді тек сот шешімін күтеміз", - деді ведомство басшысы Ақорда кулуарында.

Айтуынша, министрді сотқа берген талапкерлердің барлығы да грантқа ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары