$ 488.11  530.09  5.01

«Жағдайы ауыр». Арыста әскери қызметші өзін-өзі атып жіберді

Қазір ол аудандық ауруханада жатыр.

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Қорғаныс министрлігінің Арыс қаласындағы әскери бөлімінде келісімшартпен жұмыс істейтін ефрейтор өз басынан өзі атып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл ақпаратты редакцияға қорғаныс министрлігі растады. Дереккөзге сүйенсек, әскери қызметшінің жағдайы ауыр, деп жазады Azattyq Ruhy.

«2024 жылдың 16 қыркүйегінде тәуліктік кезекшілікке түскен әскери қызметші  мылтықты алып, өз басына өзі оқ атқан. Ол келісімшартпен жұмыс істейтін әскери адам. Алдын ала ақпарат бойынша, ол отбасындағы жанжалға байланысты суицид жасамақ болған. Қазір ол аудандық ауруханада жатыр», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары