Бапи мырзаның айтқанымен келіспеймін. Бапи мырзаның да жасы келе жатыр, өзі де қандай жағдайға түсетіні бір құдайдың қолында.
Әскерде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтардың анасы мәжіліс депутаты Ермұрат Бапиге жауап берді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, Ермұрат Бапи мәжіліс кулуарында Ербаянға қатысты жағдай жасанды түрде өрбіп жатқанын, әскери немесе медицина өкілдерінің бірі әдейі теріс ақпарат таратуы мүмкін екенін айтқан болатын, деп жазады Massaget.kz.
Депутаттың бұл мәлімдемесіне қатысты Ербаянның анасы жауап берді.
"Әркім өзінше диагноз жасай бергені дұрыс емес. "Гайморит, пневмония болған" деп өзінің диагнозын қойыпты. Мен онымен келіспеймін. Баламда әскерге кеткенше ешқандай ауру болған жоқ. Тек аллергия болды. Бапи мырзаның айтқанымен келіспеймін. Бапи мырзаның да жасы келе жатыр, өзі де қандай жағдайға түсетіні бір құдайдың қолында. Дәл солай айтқаны дұрыс емес. Ауыр болды, Бапи мырзаның сөзін өзім ауыр қабылдадым. Билікте отырып, солай сөйлеуі дұрыс емес", - дейді Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева.