«Қазақ десең өзіңе тиеді. Ұятсыз, әке-шешесі не қарап отыр екен» десті көпшілік.
«Өзіне сенімді қыздарға іш киім керек емес». Әлеуметтік желіде дәл осындай жазуы бар видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған видеоға үңілсек, Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдында бойжеткеннің іш киімін шешіп, қолымен айналдырғаны анық көрінеді.
Әлгі видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікірді қарша боратты.
«Бұларға біраз нәрсе жетпейді, ми да керек емес, жетіскен ескенсің», «Басына киіп алса әдемі кетеді», «Қазақ десең өзіңе тиеді. Ұятсыз, әке-шешесі не қарап отыр екен. Масқара, «атың шықпаса жер өрте» деген мақалды бекерден айтпаған ғой атам қазақ. Осындай мисыздарға айтылған» десті көпшілік.