Ер адам қаруды қала базарларының бірінен сатып алғанын айтты.
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы № 106 автобусқа қолына тапанша ұстап кірген жолаушының видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ал Алматы қалалық полиция департаменті видеодағы азаматтың ұсталғанын мәлімдеді.
Полиция депаратментінде әлеуметтік желідегі мониторингтен соң жедел іздестіру жұмыстары жүргізілген.
«Жедел әрекет ету барысында оқиғаға қатысы бар адамның жеке басы анықталды. Ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Ер адам күзетші болып жұмыс істейтінін айтып, ойыншық болып шыққан қаруды қала базарларының бірінен сатып алғанын айтты. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.