Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Алматының Алатау ауданында мопед мен газель соқтығысып, салдарынан мопед жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы қаласының полициясының хабарлауынша, аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға бүгін 13:30-да Райымбек және Момышұлы көшелерінің қиылысында болған. Зардап шеккен мопед жүргізушісі емханаға жеткізілген. Бірақ ауыр жарақаттан емханада көз жұмған.
«Мопед жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатып, Момышұлы көшесінің қиылысында газель маркалы көлікпен соқтығысты. Жарақат алған мопед жүргізушісі аурухана жатқызылды. Өкінішке қарай ол медициналық мекемеде қайтыс болды. Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ПД.