Республика бойынша жел күшейеді.
"Қазгидромет" РМК мамандары қазақстандықтарға алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын айтты. Синоптиктердің болжамынша, 2024 жылдың 19-21 қыркүйегінде еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Метеорологтар ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігін әлі де алып жатқанын атап өтті.
"Сондықтан, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болып қалады. Тек еліміздің оңтүстік жартысы ғана циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, бұл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарламасында.Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді.
Сондай-ақ түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
"19-20 қыркүйекте 2 градусқа дейінгі аяз сақталады"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіБұған дейін 18 қыркүйекте Астанада, Шымкентте және Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланғаны белгілі болған.