$ 495.2  522.34  4.94

«Бұл – Бишімбаевтың сылтауы»: Зайытов жарақат алған сарбаздарды «құлап қалды» дейтіндерді сынады

Халық қалаулысын әскердегі әлімжеттік мәселесі алаңдатады.

Фото: orda.kz
Фото: orda.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов кулуарда бірінші кезекте шенеуніктердің балаларын әскерге баруды міндеттеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Табытпен келіп жатқандар көп. Бұл жерде көп реформаның қажеті жоқ. Жауапты, бірақ жұмысын дұрыс атқармай отырған шенеуніктер ғой. Солардың балалары бірінші кезекте әскерге баратын етіп міндеттеу керек. Оны мен қанша айтып жүрмін. Министрлердің, әкімдердің, депутаттардың балалары міндетті түрде әскерге баруы керек. Сол кезде әскерде мынадай жағдайдың біреуі де болмайды. Мен сізге кепілдік беремін. Қазір әскерге қойшының, мұғалімнің баласы барып жатыр. Солар ғана Отаным деп жүр», - деді депутат Ринат Зайытов. 

Бұдан бөлек ол әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты да пікір білдірді.

«Бұл – Бишімбаевтың сылтауы. «Құлап қалды» деген не? Өздері үйреніп қалған, бұл сондайлардың сылтауы. Қорғаныс министрлігінің өкілі «тамағын беріп жатырмыз» деп міндетсінеді. Бұл өте ауыр жағдай», - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Айта кету керек, осыған дейін депутат Нартай Сәрсенғалиев әскердегі әлімжеттік мәселесін көтеріп, депутаттық сауал жолдаған болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары