Іс бойынша Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында сот-психологиялық, психиатриялық сараптамалар жүргізіліп, сарапшылар Байбақтин қылмыс жасаған уақытта аффект жағдайында болды деген қорытындыға келді.
Қиялы шекара заставасында әріптесін атып, қамауға алынған әскери қызметші сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындлады.
Қиялы шекара заставасының әскери қызметшісі Р.Байбақтинге алғашында Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылып, тергеу жүрді. Кейін қылмыстық іс «Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру» бабына сараланды.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен, яғни, адам өлтірді деп сотқа берілді. Сотта анықталғаны жәбірленуші жүйелі түрде Байбақтинге құқыққа қайшы беймаралдық іс-әрекеттер жасаған. Аталған мән-жайлар куәлардың жауаптарымен дәлелін тапты. Сонымен қатар іс бойынша Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында сот-психологиялық, психиатриялық сараптамалар жүргізіліп, сарапшылар Байбақтин қылмыс жасаған уақытта аффект жағдайында болды деген қорытындыға келді. Сот отырысында 5 сарапшыдан жауап алынды. Барлығы бірауыздан Байбақтиннің аффект жағдайында қылмыс жасағанын бекітті. Сот іс материалдарын зерттеп, сарапшылардың қорытындыларын негізге алып, Байбақтиннің іс-әрекетін ҚК 101-бабының 1-бөлігіне саралады. Яғни, сотталушы 2023 жылғы 2 желтоқсанда аффект жағдайында адам өлтірді. Атап айтқанда жәбірленушінің жүйелі түрде құқыққа қайшы беймаралдық мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканың күйзелтетін ахуалдан болған. Кенеттен туындаған қатты жан күйзелісі аффект жағдайында жасалған адам өлтіру. 2024 жылдың 13 қыркүйегі күні сот үкімімен Байбақтин ҚК 101-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеуі белгіленді. Сотталғаннан моральдық зиян өндірілді. Сот үкімі күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты.