$ 478.93  534.96  5.16

Алматыда жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан қыз бен жігітті көлік таптап кетті (ВИДЕО)

Тасжолда қара түсті BMW ақ түсті Lexus көлігіне жол бермей қапталынан соққан.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Алматыдағы Сәтпаев пен Уәлиханов көшесінің қиылысында жеңіл көлік жолаушыларды соғып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тасжолда қара түсті BMW ақ түсті Lexus көлігіне жол бермей қапталынан соққан. Салдарынан джип машина жолақтан өтіп бара жатқан жолаушыларды соғып өтті.

«BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі Уәлиханов көшесімен оңтүстік бағытта жүре отырып, Сәтбаев көшесімен қиылыста «Жол бер» 2.4 белгісіне қарамай, Сәтбаевпен батыс бағытта келе жатқан Lexus маркалы көлікке соқты. Соғылған сәттегі инерциямен Lexus автокөлігі қозғалып барып жолаушылар өткелін басып, солтүстік бағытта өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге соғып кетті», - деді Алматы ПД.

Жол апатынан 4 адам зардап шекті. Lexus көлігінде балалы әйел отырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары