21.09.2024, 10:30

ІІМ эскорт қызметін ұсынатын Kyzdar.net сайтының неліктен жабылмағанын айтты

Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де бар екенін атап өтті. Олардың айтуынша, қазір “онлайн-жеңгетайлық” кең тараған қылмыстың жаңа түрлерінің бірі.

Ішкі істер министрлігі эскорт қызметін ұсынатын Kyzdar.net сайтының неліктен жабылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрлік мәліметінше, "бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңға сәйкес интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдарына жатады, ал БАҚ саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мәдениет және ақпарат министрлігі. Тиісінше, интернет кеңістігіндегі әртүрлі тыйым салынған және заңсыз контенті бұғаттау тікелей мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіне кіреді.

"Бұл интернет-ресурс американдық интернет-провайдерлерге тиесілі хостинг қызметтерінде орналастырылған. Мысалы, бүгін Kyzdar.net сайты бұғатталғанымен, ертең Kyzdar2.net, Kyzdar4.net және т.б. сілтемелер жұмыс істей береді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ сайттың жұмысын басқарған 11 күдіктіге қатысты іс тергеу органдарында сол кездегі заңнамада олқылықтарға байланысты тоқтатылған, атап айтқанда, ол кезде заңда "телекоммуникациялық желілерді, интернетті пайдалану арқылы жезөкшелікті насихаттау және жарнамалау" деген ұғым болмаған.

Ішкі істер министрлігі бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де бар екенін атап өтті. Олардың айтуынша, қазір “онлайн-жеңгетайлық” кең тараған қылмыстың жаңа түрлерінің бірі.

Қолданыстағы тәжірибе мен проблемалық мәселелерді ескере отырып, 5 қыркүйекте күшіне енген қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізілген.