$ 522.19  606.42  6.47

«Дала қырандары» Астанада есіркіге қарсы ауқымды науқан өткізді

«Сатқындар» науқаны – бұл бір реттік акция емес.

Фото: Дала қырандары /sn.kz
Фото: Дала қырандары /sn.kz

Бүгін, 21 қыркүйек күні Астанада «Дала қырандарының» ұйымдастыруымен синтетикалық есірткіні таратушыларға қарсы бұрын-соңды болмаған «Сатқындар» науқаны басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Науқанның басты мақсаты - жастарды есірткіден сақтау, болашақ ұрпақтың денсаулығына зиян келтіретін есірткі заттарға заттарға оларды таратуышылар мен сатушыларға қарсылық таныту.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл науқан өлім таратушылар мен өз елінің сатқындарының үстемдігіне қарсы халықтық соғыс. 

Бүгінгі ауқымды, ел болашағы үшін маңызды науқанға екі мыңнан астам адам жиналып, Қазақстанның болашағы үшін шешуші шайқастың басталғанын хабарлады.

Сахнадан белгілі қоғам қайраткерлері – қазақстандық алып күш иесі, әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Гиннес рекордттар кітабының рекордшысы Сергей Цырульников, «РЕКАВЕРИ-ПАВЛОДАР» ОО координаторы Сергей Лаптев, сондай-ақ «Дала Қырандары» координаторлары – ММА бойынша Әлем чемпионы және Астана қаласы Жастар мәслихатының депутаты Василий Тахтай, Дүниежүзілік бокс сериясының (WCB) екі дүркін әлем чемпионы Мерболат Тойытов, қазақ күресінен Әлем чемпионатының жүлдегері Нұрғали Тұрсынғазиев, Нұрбол Сейітқалиев және тағы басқалары сөз сөйледі.