Алматы қалалық полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Алматыда 12 жастағы қыз көпқабатты үйдің он үшінші қабатынан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде Алматыда 12 жастағы қыз көпқабатты үйдің он үшінші қабатынан құлап кеткені туралы ақпарат тарады.
«12 жасар қыз қосымша сабаққа баруы керек еді, бірақ ол 7-қабаттағы пәтерінен шығып, 13-қабатқа көтеріліп, балконнан секіріп кеткен», – делінген ақпаратта.
Желіде тараған ақпаратта қыздың қауіпті ойын ойнағаны туралы айтылды.
«Осы факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Көз жұмған баланың қауіпті ойындар ойнап, өз-өзіне қол жұмсау туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Алматы қалалық полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.