Екінші жасөспірім барлығын видеоға түсіріп тұрған.
Алматы облысы Талғар ауданында жасөспірімдер өз қатарласының қолына таяқпен ұрып, сосын жұдырықпен бетіне соққы жасап, жерге құлатқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталған оқиға әлеуметтік желіде тарады.
Алматы облыстық Полиция департаменті жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.
«Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар жүргізілуде», – делінген хабарламада.