22.09.2024, 19:30

Алматыда курсант қайтыс болды: ҰҚК түсініктеме берді

Фото: Instagram/knbgovkz

Өліміне биіктен құлау себеп болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін түнде Алматыдағы Шекара академиясы курсантының өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылды. Өліміне биіктен құлау себеп болған. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Түрткі болған жағдайлар анықталып жатыр», - деп жазылған ҰҚК хабарламасында.