23.09.2024, 10:40

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

Фото: Видеодан алынған кадр

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында жантүршігерлік болды. Салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Талғар - Есік тасжолында Zeekr 001 автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Daewoo Matiz-бен соқтығысқан. 

Салдарынан Daewoo Matiz автокөлігінде отырған екі адам оқиға орнында қайтыс болған. Жүргізуші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған.