$ 479.05  534.57  5.17

14 жастағы баламен жыныстық қатынасқа түсті деп айыпталған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

Ол Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жасармен жыныстық қатынасқа түскен.

Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Ресей Федерациясынан он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскен деп айып тағылған қазақстандық ер адам экстрадицияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматы қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадицияланды.

«2023 жылғы қыркүйекте ол Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жасармен жыныстық қатынасқа түскен», - делінген қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, биыл сәуірде ол Ресейдің Новосибирск қаласында ұсталған.

«Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды», - дейді қадағалаушы орган өкілі.

Бұл қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары