23.09.2024, 14:00

Өскеменде полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Фото: Pixabay

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Өскемен қаласында полиция қызметкері қағып кеткен адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қаладағы Малая объездная көшесінде болған.

"Полиция қызметкері ВАЗ 21140 маркалы жеке көлігін басқарып келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.