23.09.2024, 17:40

ІІМ Алматыдағы екі оқушының өліміне қатысты түсініктеме берді

Фото: astanatv.kz

 Қазір өшірілген хат алмасулар мен қолданбаларды қалпына келтіру үшін телефонға қосымша зерттеу жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер министрлігі Алматыда көз жұмған екі оқушының өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Алматыда өзіне қол жұмсаған екі жасөспірімге тоқталайық. Олардың телефондарына тексеру жүргізілді, суицид ойынына қатысу фактісі анықталмады. Қазір өшірілген хат алмасулар мен қолданбаларды қалпына келтіру үшін телефонға қосымша зерттеу жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, 16 қыркүйекте Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан екі оқушы қыздың мәйіті табылған. Полиция қылмыстық іс қозғаған.