24.09.2024, 04:30

Журналист: Далбаса әңгіме, балаларды өлімге итермелеп жатқан ешқандай да ойын емес!

Фото: Бибігүл Дәулетбекқызының фейзбуктегі парақшасынан

Бір аптаның ішінде үш қыздың секіріп өлуі — трагедия…

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Алматыда бірінен соң бірі өз-өзіне қол салып, көз жұмған қыздар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пайымдауынша, оқушы қыздардың суицидке баруы – трагедия.

Бұл туралы ойын журналист Instagram желісіндегі Stories бөлімінде жазды.

 «Алматыда тағы да 12 жасар қыз көп қабатты үйден секіріп қайтыс болды. Бір аптаның ішінде үш қыздың секіріп өлуі — трагедия… Бұл балаларды өлімге итермелеп жатқан ешқандай да ойын емес! Далбаса әңгіме! Немқұрайлылық! Иә, өздеріңіз жіберген қателіктер…», — деп жазды журналист.