23.09.2024, 22:30

Ақтөбеде мұғалім оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді

Фото: Pixabay

Ер адамның айтуынша, бес жыл бірге тұрған 24 жастағы әйелі мектеп оқушысымен көңіл қосқан.

Ақтөбелік педагог Қылмыстық кодекстің "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабы бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбеде жоғары сынып оқушысымен қатынаста болды деген күдікке іліккен педагог әрекетіне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиға туралы әйелдік  бұрынғы күйеуі айтты. Оның айтуынша, бес жыл бірге тұрған 24 жастағы әйелі мектеп оқушысымен көңіл қосқан.

Мектеп директоры мән-жай туралы тиісті органдарға хабар бергенін, педагогтың қазір жұмыс істемейтінін хабарлады.

“Жабық түрде болған соң біз бұл туралы ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Жағдай анықталғаннан кейін тиісті органдарға хабарладым. Мұғалім қазір жұмыс істемейді", - деді мектеп директоры.

Ал Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің  122-бабымен, яғни, “Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау” бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын растады.

Іске қатысты басқа мәліметтер айтылған жоқ.