$ 479.23  534.96  5.16

Қостанайдың автобус паркінде өрт шығып, 5 көлік жанып кетті (ВИДЕО)

Өрт автобус тұратын бокстан басталған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қостанай қаласындағы автобус парктерінің бірінен өрт шығып, бес көлік жанып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өрт автобус тұратын бокстан басталған.

«Түн ортасында «101» пультіне күзетші телефон шалып, Қостанай қаласындағы автобус паркінің ішінен түтін шығып жатыр деген ақпарат берді. Көк түтіннің ішіне кірген өрт сөндірушілер бокс ішінде бес автобус жанып жатқанын көрген. Алапат өрт 220 шаршы метрге жеткен. Өрт сөндірушілердің арқасында қалған 27 автобус өртенген жоқ», - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Абырой болғанда, өрттен зардап шеккен адамдар жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары