$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында әкімнің орынбасары қызметкермен төбелескен (ВИДЕО)

Төбелес неден шыққаны және полицияға кім арызданғаны әзірге белгісіз. 

Түркістан облысы Cайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында әкім орынбасары қызметкермен төбелесіп қалған. Полиция осы оқиға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оtyrar басылымының мәліметінше, төбелес неден шыққаны және полицияға кім арызданғаны әзірге белгісіз. Дегенмен полиция департаменті бұл жайтты ресми түрде тіркеуге алған.

 "Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сараптама тағайындалған. Барлық мән-жай анықталуда. Тергеу мүддесіндегі өзге ақпараттар жария етілмейді", - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары