Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа тұрған жоқ.
Азаматтық некедегі әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев колонияда жұмыс істеп жүрген жоқ. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Экс-министр қазір қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр.
«Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа тұрған жоқ. Сотталушының күн тәртібі ҚАЖ мекемесінің ішкі тәртіп ережелері және қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес сақталады», - делінген хабарламада.