$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрған: Тоқаев министрге тапсырма берді

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Фото: elordainfo
Фото: elordainfo

Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Берік Уәлидің жазуынша, Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

"Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын", – делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары