$ 494.87  520.65  4.91

«Есеюге тура келді»: Ләйлә Сұлтанқызының ұлы әкесі қайтыс болған кезін еске алды

Әкесі қайтыс болғанда ұлы Сағадат 15 жаста болыпты.

Фото: instagram.com/sultankyzy
Фото: instagram.com/sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ұлы Сағадат Қайратұлы марқұм әкесі туралы айтып, сұхбат берді,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әкесі қайтыс болғанда ұлы Сағадат 15 жаста болыпты.

"Әкем, асқар тауым өте жақсы адам болды. Әкеміз өмірден қайтқанда жасым 15-те болды, Сардардың жасы 13-те болды. Әлі бала едік, әкем өмірден өткен күні ересек адам болдық. Себебі қасымызда анамыз бар, біз оның қос қанатымыз, оған қамқор болуымыз керек. Сондықтан есеюге тура келді", – дейді ол.

Сағадат кейінгі кезде әкесі түсіне жиі кіріп жүргенін айтты. Әкесінің мінезі қатал болғанын да жасырмады. 

"Әкем түсіме өте көп кіреді. Сардарға, анама қатты кірмейді. Соңғы екі аптада 4-5 рет кірді. Үнемі күліп, жымиып жүреді. Әкем ақша туралы көп ақыл айтатын. "Ақшаны көп жаратпа, жинап жүр" дейтін. Өзі ақшаны бізден аямайтын. Бірнәрсе сұрасақ, анамыз "жоқ" десе де, әкеміз "иә" дейді. Екеумізге де қатал болды, бірақ бізге деген мейірімділігі, махаббаты байқалып тұратын", – деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары