26.09.2024, 13:20

Ақмола облысында өрт кезінде зейнеткер қаза тапты

Фото: Ақмола облысы ТЖД

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ақмола облысының Щучье қаласында көппәтерлі бір қабатты тұрғын үй өртеніп, 83 жастағы қария қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Өрт кезінде пәтерде әйел және оның 83 жастағы анасы болған. Түтіннен олар сыртқа шыққан. Алайда, белгісіз себептермен қария жанып жатқан үйге қайта кірген. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қарияны сыртқа алып шыққаннымен, ол көп ұзамай көз жұмды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп түсіндірді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.