Ер адамның әйеліне қатысты «Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол үйқамаққа алынды.
Ақтөбеде танымал кәсіпкердің ұлы Lexus-ты мас күйде жүргізгені үшін ұсталды, ал келіні полиция қызметкерін қағып кеткені үшін қылмыстық іс қозғалып, үйқамаққа алынды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми дереккөздерге сүйенген басылым мәліметінше, 29 жастағы жігіт Lexus көлігін тізгіндеп, қарсы жолаққа шығып кеткен.
Полицейлер оны тоқтатқаннан кейін жас жігіт медициналық тексеруге жіберіліп, оның мас болғаны анықталған. Кейін жүргізуші медициналық мекемеден қашып шығып, әйелінің көлігіне отырған. Көліктегі әйел күйеуімен бірге полициядан жасырынбақ болған. Олар жолдағы полиция қызметкерін қағып кеткен.
Келесі күні құқық бұзушылар бөлімге жеткізілген. Әкімшілік сот «Автопарк» иесінің ұлын 15 тәулікке қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Ол сотта мас күйінде көлік жүргізбегенін, ағасы көлікпен келгенін, ал өзі таксимен жүргенін алға тартты.
Ер адамның әйеліне қатысты «Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол үйқамаққа алынды.