Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Атырауда Нұрсая ықшам ауданындағы үйлердің бірінен екі жасар бала бесінші қабаттан құлап, мейрамхананың шатырына түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Жедел-жәрдем қызметкерлері шақырту түскен бойда оқиға орнына барған. "Бала аса ауыр жағдайда балалар ауруханасына жеткізілді", - дейді Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.
Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қазір терезеден құлаған бала жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан Атырауда 9 бала терезеден құлаған. Олар ата-аналардың балаларды назардан тыс қалдырмауын сұрайды.