Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Алматы-Өскемен» тасжолының бойында жол-көлік оқиғасы болды. Toyota Estima жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Құрметті көлік жүргізушілері, сіздерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», - деп жазды полиция департаментінен.