$ 494.87  520.65  4.91

«Ұрып, боқтады»: Атырауда 15 жасар қызды мәжбүрлеп тұрмысқа беруге қатысты іс қозғалды

«Сол кезде енем тергеушілердің артынан жүгіріп, ақша беріп, органдарда туыстары жұмыс істейтін, соған өтірік УЗИ қағазын жасатып, баласын жазадан алып қалды», - дейді жәбірленуші қыз.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Атырауда 15 жастағы қыз өзін 20 жастағы жігіттің зорлаған айтып, әлеуметтік желіге жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мені 20 жастағы жігіт зорлады. Арыз жазылған, бірақ олардың әулетіндегі үлкен кісілер, отбасы біздің артымыздан жүгіріп, келін қылып аламыз, арыздарыңды қайтып алыңдар деп келген. Менің анам қазақылыққа салынып, екі жақ келісіп, мені 15 мамырда сол жігітке ұзатты. Аяғым ауыр болғандықтан дәрігерге тіркелуге барғанда, «18 жасқа толмаған» деп полиция шақырылып, жігіттің үстінен іс қозғаймыз деген. Сол кезде енем тергеушілердің артынан жүгіріп, ақша беріп, органдарда туыстары жұмыс істейтін, соған өтірік УЗИ қағазын жасатып, баласын жазадан алып қалды. Енді мені үйінде ұрып, боқтап, алмаймыз деп үйіме әкеліп тастады. Менің аяғым ауыр, 4 ай. Анам осы жайтты естіп, ауруханаға түсті. Атырау облысының полиция департаменті арызды қайта қараса екен», - дейді жәбірленуші.

Содан кейін жергілікті полиция аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғады. Облыстық ПД өкілдерінің мәлімдеуінше, әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты тергеу ісі жаңғыртылады.

«Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс тіркелді. Алайда алғашқы тергеу кезінде жәбірленуші тарап қылмыс құрамын толыққанды тергеу үшін тиісті сот-медициналық, психиатриялық сараптамалардан өтуден бас тартты. Осылайша, кешенді тергеу әрекетін жүргізуге кедергі келтірді. Әлеуметтік желіде тараған мәліметтер бойынша тергеу жаңғыртылады. Тексеріс жүргізіледі», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары