$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде адамның ішкі ағзаларын заңсыз сату әрекеті анықталды

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтөбеде прокуратура адамның ішкі ағзаларын заңсыз сатуға оқталу әрекетін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облысы прокуратурасымен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында "E" есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын сатуы бойынша ықтимал мәміле жасау туралы ақпарат алынды.

2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған "E" есімді азаматты ұстады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары