Өзім де сөзсіз барамын…
Танымал имам, әлеуметтік желінің «жұлдызы» атанған теолог, дінтанушы Нұрлан имам халықты 6 қазанда өтетін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Референдумға дауыс беруге барыңыздар. Бұл біздің болашағымыз үшін, келешегіміз үшін. Өзім де сөзсіз барамын», - деді имам.
Сондай-ақ, қазіргі АЭС-тің жаңа технологиямен салынатынын және оған еліміздің кадрлық әлеуеті жететінін айтып өтті.