27.09.2024, 16:40

«Біз оны жоғалтудамыз»: «Жаңа адамдар» Каспийді қорғауға шақырып, дабыл қақты (ВИДЕО)

Фото: Жаңа Адамдар

Жыл сайын теңізге 200 мың тонна мұнай мен 100 миллион текше метрден астам тазартылмаған ағынды сулар құйылады.

26-қыркүйекте Халықаралық теңіз күні аталып өтеді. Бұл мейрам көп жылдар бойы адамның ысырапшылдығы мен теңізге деген тұтынушылық қарым-қатынасынан туындаған мәселелердің маңыздылығын көрсетуі керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Каспий теңізі – Қазақстанның басты мұраларының бірі, және біз оны жоғалтудамыз! Кен өндіру нәтижесіндегі табиғи аумақтың  ластануы бірегей балықтар мен жануарлардың қырылуына әкелуде, олардың кейбір түрлеріне жойылу қаупі төніп тұр. Миллиондаған итбалықтар кезінде Каспийді өз қоныстары ретінде санады. Мамандардың мәліметтері бойынша, қазір олардың саны 60 мыңнан аспайды. Жыл сайын теңізге 200 мың тонна мұнай мен 100 миллион текше метрден астам тазартылмаған ағынды сулар құйылады. Лас сулар мен мұнай өнімдері қазірдің өзінде теңізді жұқпалы аурулардың ошағына айналдырды.

Біз өз қолымызбен өңіріміздің мақтанышы, інжу-маржаны Каспийді құртып жатырмыз. Өзіміз келешек апатқа назар аударуды доғардық. Бұл тек Қазақстан туралы емес. Жауапкершілік теңізге шыға алатын барлық елдерге жүктеледі. Каспийдің жағдайы жағалауында орналасқан барлық бес елдің шұғыл назар аударуын талап етеді. Табиғат беретін SOS дабылдарын елемей жүре беруге болмайды.