Дәмхана екі қабатты ғимаратқа жапсарластыра салынған екен.
Астанада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан ғимарат қирады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дәмхана екі қабатты ғимаратқа жапсарластыра салынған екен.
“Қирау алаңы шамамен 60 шаршы метр, өрт алаңы 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді. ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізуде”, – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Өрт салдарынан 6 адам жарақат алды. Олар жедел жәрдем қызметіне табысталған екен.