$ 494.87  520.65  4.91

«Анасы мен өгей әкесі»: Алматы облысында үш жасар қыздың өліміне күдіктілер анықталды

Полицейлер қылмысқа қатысы бар күдіктілер ұсталғанын айтты.

Фото: Алматы облысы ПД
Фото: Алматы облысы ПД

17 наурызда үш жасар Айя-София Алматы облысының Күш ауылында жоғалып кеткен болатын. Қызды бірнеше ай іздеді, бірақ еш нәтиже болмады. Шілденің соңында полицейлер жоғалған балаға тиесілі болуы мүмкін сүйек қалдықтарын тапты. Алматы облысының Полиция департаменті қызды өлтірді деген күдікпен кім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап.

Шілде айында адам сүйектері табылған кезде полицейлер қылмысқа күдіктілердің ұсталғанын айтты, бірақ олардың кімдер екенін хабарламады. Қазір баланың анасы мен онымен бірге тұратын адамның ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынғаны белгілі болды.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша істің мән-жайларын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық істің тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады", - делінген ПД жауабында.

Еске салайық, 17 наурызда Айя-София Алматы облысының Күш ауылында жоғалып кеткен еді. Полицияға жүгінген анасының айтуынша, қыз үйден шығып кеткен, содан бері оны ешкім көрмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары