29.09.2024, 18:30

«Түнімен хабарласады»: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәліге қатысты тың дерек айтты

Фото: Qazaq today

Қыздың бұндай қырын көрсету – тіпті ұят әрі аянышты.

Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса әлеуметтік желіде Әнару Құрманәліге қатысты бірнеше ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Басы дауға қалған боксшының әйелі Клара Иса Әнарудың Жанқошқа белгісіз нөмірлермен күні-түні хабарласатынын, уақыты келгенде бәрін айтатындарын жазды.

"Түнімен, Құдайдың құтты күні Әнарудан осындай қоңыраулар келеді. Не әңгіме айтатынын естігілеріңіз келе ме? Қыздың бұндай қырын көрсету – тіпті ұят әрі аянышты. "Зорланған ару" есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласа ма? Уақыты келгенде барлығын көрсетеміз", – деп жазды Клара Иса.

Сонымен қатар ол қызды аяп отырғанын айтты.

"Біз полиция шақырып, сау емес жағдайына қарап, ұстатып жіберсек те болар еді. Адамдыққа салынып, аяп отырмыз. Бұл – ашуланатын емес, аяйтын жағдайдағы адам ғой. Қиялына ерік берген деп Жанқошты тоқтатып отырмын, – дейді боксшының әйелі.

Оған қоса Клара Иса бұл жаңалық шыққалы өзіне Әнару туралы көптеген лас ақпарат пен фото, видеолар келгенін, сабыр сақтап, ештеңені шығармай отырғанын, қызды аяйтынын және сабыр тілейтінін жазып кеткен.

Сондай-ақ "Жанқоштың үйленгенін білмедім" деген Әнарудың Instagram-да бұл жұпқа бақыт тілеп жазғандарын да көрсеткен.