30.09.2024, 00:30

Астанада тағы жарылыс бола жаздады

Фото: ТЖМ

16 шаршы метр алаңдағы от сөндірілді.

Астаналық өрт сөндірушілер газ баллоны жарылысының алдын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін Сарыарқа ауданы Өркен көшесі бойында жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық ғимаратта өрт болды.

«ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 27 литр болатын 3 тұрмыстық газ баллонын шығарды», – деді ведомстводан.

16 шаршы метр алаңдағы от сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Жалынның себебі анықталып жатыр.

Кеше бас қалада газ баллоны жарылып, ғимарат қирап, бірнеше адам ауруханаға түскен.