$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда 4 жасар баланы ұрып-соққан: Анасы видеоүндеу жолдады

Видеода әйел балаларын ешқашан ұрмағанын айтқан.

Фото: piхabay
Фото: piхabay

Петропавлдағы ауруханалардың біріне 4 жасар бала дене жарақаттарымен түсті, деп Skifnews.kz ақпарат порталы СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 Желіде көпшіліктен көмек сұраған Петропавл тұрғынының видеосы тарады. Ол жақында ұлы баспалдақтан құлап, жарақат алғанын және қолын сындырғанын айтты. Сөзінше, ауруханада хирургтар баланы ұрып-соққан деген шешімге келген. Одан бөлек, келіншек қамқоршылық органын баласын ұрлады деп айыптап отыр. Айтуынша, ол ауруханада жатқанда ұлын қамқоршылық органы өкілдері алып кеткен. Видеода әйел балаларын ешқашан ұрмағанын айтқан.

Бейнежазба Солтүстік Қазақстан облысының барлық Instagram парақшаларында тарады.

"23 қыркүйек күні қаладағы медициналық мекемелердің біріне 4 жасар бала дене жарақаттарымен түскені туралы қоңырау түсті. Қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жүргізілуде", - деді СҚО ПД баспасөз қызметінің Nur.kz тілшісіне берген мәліметінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары