30.09.2024, 10:20

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Фото: ОКҚ

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақорда Дәурен Қосановтың Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары — Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған құжатта.

Айта кетейік, Дәурен Жұматайұлы бұған дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болды.

1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, Әскери-әуе академиясын бітірген.

1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы, ҚазКСР, Краснокут ауданы, Новотроицкое ауылында дүниеге келген.

Үшарал жауынгерлік полкінде қызмет етті.

Талдықорғандағы «Су-27» эскадрильясының командирі болды.

Қарағанды авиабазасы штабының бастығы;

Шымкент авиабазасының командирі;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;

Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды

«Әскери ұшқыш мерген». II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.