30.09.2024, 11:20

Геннадий Головкин спорттағы жемқорлықты Бас прокурормен бірге жоймақ

Фото: Бас прокуратура

Бұл келісімнің мақсаты – спорт саласындағы заңдылықты нығайту.

Бас прокуратура мен Ұлттық олимпиада комитетінің арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық орнату  туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, бұл келісімнің мақсаты – спорт саласындағы заңдылықты нығайту, бюджет қаражатын жымқыртпау, басқа да қылмыстарға жол бермеу.

Сондай-ақ құжат салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бағытындағы да іс-шараларды көздейді.