Алматы облысының полиция департаменті ақпаратты растады.
Алматы облысы Талғар ауданында оқушы қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Не молчи» қорының хабарлауынша, қайғылы жағдай Өтеген ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол салған болуы мүмкін.
Алматы облысының полиция департаменті ақпаратты растады.
«Аталған факті бойынша Талғар ауданының полицейлері Қылмыстық кодекстің 105-бабымен (өз-өзіне қол салуға жеткізу) іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлайды полициядан.