$ 481.19  538.45  5.18

Астанада көпқабатты үйдің балконы опырылып түсті (ВИДЕО)

Осы уақытта балконда тұрған әйел металл шыбықтарды ұстап үлгеріп, бір қатерден аман қалды. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанадағы көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы балкон опырылып түсті. Оқиға 26 қыркүйекте Григорий Потанин көшесіндегі үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Осы уақытта балконда тұрған әйел металл шыбықтарды ұстап үлгеріп, бір қатерден аман қалды. Плита төмен қабатқа түсіп кеткен, қуанышқа орай, бұл сәтте ол жерде ешкім болмаған.

Үй тұрғындары БАҚ өкілдеріне қазіргі таңда оқиғаның салдарын жоятын жауаптыларды таба алмай отырғанын айтып отыр. Атап айтқанда, балконның құлаған бөлігін алып тастайтын ешкім табылған сыңайлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары