$ 488.11  530.09  5.01

«6 адамға ортақ бөлінді»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің мұрасы кімдерге қалғанын айтты (ВИДЕО)

Ешқандай дүние-мүлік қалған жоқ, бірақ некеде жиналған кез келген дүние-мүлік балаларға теңдей бөлінеді.

Фото: instagram.com/sultankyzy
Фото: instagram.com/sultankyzy

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасынан қалған мұраның бөліске түскенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БАҚ өкілі әріптесі Әйгерім Сейфоллаға сұхбат беріп, жолдасының өсиет жазып кетпегенін растады. Күйеуі қайтыс болған соң оның мүлкі екі ұлы мен өзіне ғана емес, алты адамға ортақ бөлінгенін айтты.

"Шын мәнінде өсиет хат болған жоқ, заң бойынша алты ай көлемінде күтуіміз керек болды. Яғни басқа балалары бар ма, бар болса, олар дәлелдеуі керек деген сияқты тұстары бар. Мұра алты айдан кейін беріледі. Біздің жағдайда бес адам болды: ұлы мен қызы, екеуміздің екі ұлымыз және заңды әйелі, яғни мен. Яғни қандай мүлік болсын, ол алты адамға бөлінеді. Ешқандай дүние-мүлік қалған жоқ, бірақ некеде жиналған кез келген дүние-мүлік балаларға теңдей бөлінеді, – деді ол.

Сонымен қатар журналист бала тәрбиесінде де күйеуінің қаталдығы, ал өзіне жолдасының қолдау сөздері жетпей жүргенін жасырмады.  

"Үлкен ұлым Сағадат бағынбай кеткенде, "бұл ісің әкеңе ұнамаушы еді" деп айтамын. Себебі бала тәрбиесіне келгенде ұлдарыма әсер ететін басқа тәсілім жоқ. Ал өзіме келсем, Қайрекеңнің "қорықпа, бәрі жақсы болады" деген жылы сөзі жетпейді. Сол нәрсені сағынамын. Бұл жауапкершілікті мойныма алмаудың бір көрінісі шығар", – деді медиа маманы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары